18:35, 29 Наурыз 2016 | GMT +5
СҚО соты жұмысшылардың пайдасына 6 млн. теңгеден астам жалақыны өндіріп берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-нің 50 жұмысшысы жұмыс берушінің Еңбек кодексінің талаптарын бұзғандығын негізге ала отырып, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.Сот «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-де жұмыс істейтін талапкерлерге жұмыс берушінің жалақы төлемегендігін анықтады.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады және жалақы бойынша берешекті төлеуге міндетті.
Қызылжар аудандық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС жұмысшыларының пайдасына жалақы бойынша жалпы сомасы 6 695 236 теңге берешек өндірілді.