СҚО спорт басқармасына Қарлығаш Рамазанова жетекшілік етеді
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің өкімімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен келісім бойынша, СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Қарлығаш Әсетқызы Рамазанова тағайындалды.
Еңбек жолын 2004 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың спорттық пәндер кафедрасында оқытушы болып бастаған. Спорт саласында мол тәжірибесі бар.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.
Осыдан бұрын Сәкен Амрин Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасын басқаратынын жазғанбыз.