СҚО: Тайынша ауданында Донецское ауылының екі көшесі су астында қалды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың тез еруі мен егістіктерден келген еріген қар суы салдарынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Донецское ауылының Юбилейная және Степная көшелерін су басты.

Су басу аймағында 50 аула қалды. Жергілікті атқарушы органдар 2 ауладан 60 адамды эвакуациялап, осы ауылдың орта мектебіне орналастырды.

Еріген суды бұру жұмыстарымен инженерлік техника айнылысуда, ТЖ-ны жою үшін ауылға Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және «Жедел-құтқару жасағы» ММ техникалары жіберілді. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің 6 техникасы, СҚО ТЖД және аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамынан 42 адам жіберілді.

Осы жұмыстарды СҚО ТЖ департаментінің бастығы үйлестіруде, азаматтық қорғау, ішкі істер бөлімшелерінің, билік және басқару органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

ТЖ-ны жою жұмыстары жалғастырылуда, деп мәлім етті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі  Руслан Иманқұлов.
паводка паводка паводка  

Соңғы жаңалықтар