СҚО тұрғыны әскери кемелердің үлгілерін айнытпай жасайды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Андрей Комогаевтың қолынан шыққан әскери кеме үлгілерінің ерекшілігі – мұндағы әр бөлшек ерекше ыждаһатпен жасалған.

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

Бұл бөлшектердің кейбірі тіпті сіріңке басынан да кішкентай. Шебер әрқайсын асқан дәлдікпен беруге тырысқан. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

Бүгінде Андрей Комогаев үш кемені - неміс әскери-теңіз флотының «Sharnhorst» ауыр крейсерін, Ұлыбританияның «Hood» желілік кемесін және жапон флотының «Nagato» ауыр крейсерін құрастырды. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

- Мұндай модельдерді жасау – зор шыдамдылықты, ұқыптылықты және техникалық дағдыларды қажет етеді. Жалпы өте күрделі процесс. Кеме үлгісін жасауға қағаз, картон, ағаш және металл қолданылады. Ал ең ұсақ бөлшектер жоғары дәлдікті және арнайы құралдармен жұмыс істей білуді талап етеді. Бір модельді құрастыруға жасалу күрделілігіне қарай бір жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді, - дейді шебер. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

Қазіргі уақытта Андрей Комогаев шеберханасында бірнеше тарихи кеменің құрылысы қатар жүргізіп жатыр. Олар - «Такао» атты жапон флотының ауыр крейсері, аты аңызға айналған «Bismarck» неміс линкорі, Ресей императорлық флотының «Победа» броненосцы және «Минск» патрульдік зымыран катері. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

Андрей Александрович Шал ақын ауданындағы «Өркен» өнер мектебінің педагогы. 1998 жылдан бері еңбек ететін ол бүгінде жоғары біліктілік санатындағы ұстаз. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

- Шығармашылық – менің өмірімнің ажырамас бөлігі, сүйікі ісім. Болашақта қолымнан шыққан кеме модельдерін көпшілік назарына ұсынып, жеке көрме ұйымдастырғым келеді. Бұл жоба менің шәкірттеріме де үлкен шабыт сыйларына сенімім мол, - дейді Андрей Комагаев. 

Андрей Комогаев
Фото: СҚО білім басқармасы

Бұған дейін СҚО Айыртау ауданы Константиновка елді мекенінде 1941 жылы соғысқа кеткен жігіттің сүйіктісіне арнап тасқа қашап қалдырған хаты негізінде ескерткіш пайда болғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар