СҚО тұрғыны электрошокер үшін әкімшілік жазаға тартылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында электрошокерді ішкі істер органдарында тіркемегені үшін ер адам айыппұл төледі. 

Электрошокер
Фото: ТАСС

СҚО сотының мәліметінше, Уәлиханов аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігі — «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша Б. есімді ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, шекаралық бақылау жасағы Б.-ның басқаруындағы «Lexus RX350» маркалы автокөлікті тексерген. Көліктен ішкі істер органдарында тіркелмеген электрлік қару-электрошокер-фонарь табылып, тәркіленді.

Уәлиханов аудандық сотының қаулысымен Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Электрошокер-фонарь тәркіленіп, кейіннен жойылды. Ер адам 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, бұл 74 мың теңге шамасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін СҚО-ның экс-әкімі алаяқтық үшін сотталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар