СҚО Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мұрат Абдулов Уәлиханов ауданының әкімі болып тағайындалды. 

әкім
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұрат Абдулов 1976 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде дүниеге келген.

Көкшетау университетін 2006 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Уәлиханов ауданының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімінің зейнетақы қорының инспекторы болып бастады. 

1996-1997 жылдар аралығында Қызылту ауданы Қызылту кентіндегі «Казсельхозтехника» АҚ программист, бас есепшісі, сауда бөлімінің басшысы болып еңбек етті. 

1997-1999 жылдары «Бизнес центр-Кокше» ЖШС директоры;

1999-2003 жылдары «Жан-97» ЖШС қаржы директоры лауазымында болды. 

2003-2004 жылдары СҚО Уәлиханов ауданы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық аудандық филиалының басшысы.

2004-2006 жылдары Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы «Сарбасов» ЖК экономисі.

2006-2008 жылдары Ақжар аудандық пошта байланысы торабының басшысы болды. 

2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде еңбек етті.

2009-2016 жылдары Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында «Абдулов» ЖК басшысы болды. 

2016-2021 жылдар аралығында Уәлиханов аудандық пошта байланысы торабының басшысы. 

2021-2023 жылдары Уәлиханов аудандық мәслихат хатшысы, ал осы тағайындауға дейін

Уәлиханов ауданы мәслихатының төрағасы қызметін атқарды. 

Соңғы жаңалықтар