07:18, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
СҚО жастары жемқорлыққа қарсы қызметпен меморандумға отырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - СҚО-да дөңгелек үстел өтті, оған 9 жастар ұйымының өкілдері, ҚР Ұлттық Гвардиясының курсанттары мен облыстық мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы департаменттің басшылығы қатысты, деп хабарлады www.strategy2050.kz.
Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, кездесу барысында 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы ҚР-ның стратегиясының негізгі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар, аймақ жастары жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қоғамдық қозғалыс құратын болып шешті және аймақтың жемқорлыққа қарсы қызметімен меморандумға отырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемқорлықпен күресу жолында жастардың күштерін бір жерге шоғырландыруға уағдаласты. Ол үшін бірлескен әрекеттердің жоспары түзіліп, соның аясында жұмыс жүргізіледі.