СҚО жол полициясының қызметкерлері аязды түнде Орта Азиядан келген еңбек мигранттарына көмек көрсетті

ПЕТРОПАВЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы жол полициясының қызметкерлері өткен аязды түні Орта Азиядан келген шетелдік жұмысшыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Орта Азиядан келген гастарбайтерлер Солтүстік Қазақстанның қатаң аязын бастарынан кешті. Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанның 53 азаматы көршілес Ресейде жұмыс істеп, Омбы-Сарыағаш бағытымен жүрген «Сетра» рейстік автобусымен елдеріне оралып жатқан. Жол үстінде жүргізуші Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево ауданы орталығына он шақырым жерде он минутқа тоқтауды шешті.

Төменгі температура жағдайында он минуттың ішінде тежегіш аязға қатып, автобусты қимылсыз қалдырды. СҚО-дағы температура минус 25 градус болған. Сондықтан аязды түні автобус ішінде түнеу жолаушыларды қатты қорқытты.

Шетелдіктерге патрульде жүрген жол полициясының батальонының экипажы көмектесті. Полиция қызметкерлері оқиға туралы жергілікті әкімдік пен ТЖ бөлімшесіне хабарлады. Түнде жолаушыларды аудан орталығына жеткізу ұйымдастырылды, қазіргі уақытта олар сонда жеткізіліп, элеватордың асханасына орналастырылды. Қазір жол полициясының қызметкерлері автобустың кемшіліктерін жою бойынша шараларды ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар