СҚО жүргізушілеріне 1 млн. теңге айыппұл салынуы мүмкін
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Үш күн ішінде қала мен облыс жолдарында 1621 жол қозғалысын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХХА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Осы күні ұсталған 42 жүргізуші, мас күйінде болған. Тайынша қаласының 58 жастағы тұрғынына қатысты «Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін құқығынан айрылған тұлғаның көлік құралын басқаруы» ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 500 мың айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар, немесе 90 тәулік мерзімге абақтыға қамау жазасы берілуі мүмкін. Осы жылғы шілдеде бұл адам көлікті мас күйінде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырған.
Небәрі үш күн ішінде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 58 жүргізуші ұсталған. 34-і - жылдамдықты шамадан тыс арттырған. 360 жүргізуші немесе олардың жолаушылары қауіпсіздік белбеуін тақпаған. 247-сі - рульде келе жатып телефонмен сөйлескендер.
19 солтүстікқазақстандық жүргізуші бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісінде жүріп өткен. Бұзушылар арасында жаяу жүргіншілер де бар, олар рұқсат етілмеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамай жолды кесіп өткен.