Скринингтердің нәтижелері: Гипертензия, қант диабеті және глаукоманың 120 мың жағдайы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.

скрининг
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.

Скринингтердің барысында мыналар анықталды: 

• Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.

• 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.

• Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.
Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.

Скринингтік жүйеде не өзгерді?

Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды. 

- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;

- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;

- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.

- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.

Бұл тәсілдер: 

- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;

- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі. 

15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі. 

Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде: 

  • артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
  • жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
  • қант диабеті (2 жылда 1 рет)
  • глаукома (2 жылда 1 рет)
  • жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
  • сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)
  • колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)
  • вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).

Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар