Скрипкашы Марат Бисенғалиев еліміздің музыкалық символы атанды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Танымал қазақстандық скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев  Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы еліміздің музыкалық символы деп танылды.
None
None

Кеше Алматыда «Жыл таңдауы - Алтын адам 2009» байқауы барысында атақты музыкашыға осындай жүлде тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

  Марат Бисенғалиев 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Өнерге 9 жасынан қадам басқан. 1980 жылы алдымен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, одан кейін Мәскеуде П.И.Чайковский атындағы  мемлекеттік консерваториясында білім алып шыққан. Бүгінде ол Батыс Қазақстан облыстық филармониялық оркестрге жетекшілік етеді, сонымен қатар ол Оралдың халықаралық скрипкашылар байқауының директоры қызметін атқарады.

1996 жылы Нью-Йоркте «Барбикан Холлда» ағылшын камералық оркестрімен өткен концерт оның әлемдік деңгейдегі скрипкашы ретінде танылуға ықпал етті. Ол ірі халықаралық дыбыс жазу компанияларымен тұрақты келісімшарттармен тығыз байланыс жасап тұрады.   Марат Бисенғалиев көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, сонымен қатар ол 2000 жылы  «Платиналық Тарлан»  сыйлығының, бұған дейін де «Жыл адамы» байқауының жүлдегері  атанған болатын.

Қазіргі уақытта  Марат Бисенғалиев әлемдік тұрғыдағы көрнекті орындаушы ретінде танылды, оны шет елдерде «Қазақстан әлемінің  елшісі» деп атайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум