Слекишинаның түрмедегі жазасы қысқартылмайтын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында зорланған Наталья Слекишинаның түрмедегі жазасын қысқарту туралы өтінімді Алматы облысы Іле ауданының соты оның қорғаушысына кері қайтарып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, бұған дейін Н.Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына оның адвокаты Айман Умарова өтінген болатын. Еске сала кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр.

30 қыркүйек күні Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотында түрмедегі Наталья Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушыға үкім шыққан болатын.

Сот үкімімен ЛА-155/18 Қылмыстық атқару жүйесі тергеу абақтысының бұрынғы қызметкері, Н.Слекешинаны зорлаған Руслан Хакімов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, ол әділет майоры шенінен айырып, өмірбойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына тыйым салды.  

Айта кетейік, Руслан Хәкімовке қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотына 26 шілдеде түскен. 

Басты күдікті Руслан Хәкімовке ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының (зорлау) 4-ші бөлігінде (әлденеше рет) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген айып тағылған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары 25 шілдеде аяқталған.

Соңғы жаңалықтар