Словакия экс-премьер министрінің партиясы сайлауда жеңіске жетті

Словакияның бұрынғы премьер-министрі Роберт Фицо жетекшілік ететін «Бағыт – әлеуметтік демократия» партиясы елдің Ұлттық кеңесінде (бір палаталы парламент) сенбі күні өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Бұл туралы 98,13% дауыс беру учаскесінің деректерін өңдеген елдің Статистика басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Анадолыға сілтеме жасап.

роберт фицо
Фото: SCANPIX / AP Photo / Darko Bandic

Ақпарат бойынша, экс-премьер партиясы сайлаушылардың 23,42% қолдауына ие болған.

Одан кейінгі орында 16,75% дауыс жинаған «Озық Словакия» қозғалысы тұр.

Үшінші қатарды бұрынғы премьер Петер Пеллегринидің «Дауыс – әлеуметтік демократия» партиясы иеленді. Оларды сайлаушылардың 15,07% қолдаған.

Жарияланған ақпарат бойынша, Ұлттық кеңеске 7 саяси күш өтеді.

Соңғы жаңалықтар