Словакия Республикасы делегациясы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің инвестициялық жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Кеше «Мемлекеттік-жеке әріптестігінің қазақстандық орталығы» АҚ төрағасы Болат Смағұлов Словакия Республикасы делегациясымен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің инвестициялық жобаларын мемлекеттік-жеке әріптестік базасында словакиялық Eximbank SR-мен бірлесіп қаржыландыру
None
None
немесе бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Словакияның делегациясын Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Душан Подгорски бастап келді. Сонынмен қатар, словакиялық делегацияның құрамына Eximbank SR вице-басқарушысы Алена Лонгауерова, «Европолис» компаниясының бас директоры Эрнест Вартересян, «Вагостав-KZ» компаниясының бас директоры Мирослав Кралик енді.Б.Смағұлов ? «Мемлекеттік-жеке әріптестігінің қазақстандық орталығы» АҚ қызметі туралы, сондай-ақ қолданыстағы концессия жобалары туралы және концессия негізінде іске асырылу ұсынылған жобалар жөнінде әңгімелеп берді. Ол көлік салаларының жобаларына, атап айтқанда, Батыс Қытай ? Батыс Еуропа дәлізінің құрылысына айрықша көңіл бөлді. «олар ? бәсекеге барынша қабілетті және өте перспективалы жобалар», ? деп атап айтты «Мемлекеттік-жеке әріптестігінің қазақстандық орталығы» АҚ төрағасы.М.Кралик оның авто және теміржолдар саласындағы сондай-ақ су нысандарын салуға мамандандырылған «Вагостав-KZ» компаниясы бұл жобаларға едәуір инвестициялар салуға дайын екенін мәлімдеді.А. Лонгауерова қазақстандық тарапты Eximbank SR компаниясы энергетика, денсаулық сақтау, муниципалдық құрылыс салаларындағы бірлескен қазақстан-словак кәсіпорындарына несие және кепілдік беруге әзір екенін білдірді. Д.Подгорски словакиялық компаниялардың осындай жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесінің бар екендігін айтты. Словакиялық компаниялар бірқатар концессиялық жобаларды, атап айтқанда Алматы-Қапшағай жолы құрылысын және жаңа теміржол тармағын салуға мүдделі екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар