Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қызылордада болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 мамыр. ҚазАқпарат  - Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  Любомир Регак жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп қайтты.
None
None

Сыр бойына келген сапарының жайын дипломат былай түсіндірді: «Биылғы жылғы ақпан айында мен Чехословакияны азат ету кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен полковник Гуляевқа Словакия Қорғаныс министрлігінің медалін тапсыру үшін Қапшағай қаласында болған едім,- деді ол. 

"Сол кездесуде ардагер маған өзінің словак жерін азат етуге бірге қатысқан қанды көйлек қарулас досы Михаил Баевтың Қызылорда қаласында тұратынын айтып еді. Соңынан елге хабарласқанымда, бұл кісінің атына жазылған медальдің де бар екенін білдім. Енді соны Жеңіс күніне орай тапсыруға келіп тұрмын»,- деді Елші.

Сапар барысында Регак мырза облыс әкімі Болатбек Қуандықовпен кездесті. Олардың екеуара әңгімесінде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың жайы сөз болды.

Соңғы жаңалықтар