Словения екі израильдік министрді персона нон грата деп жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Словения үкіметі бейсенбі күні Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир мен қаржы министрі Бецалель Смотричті персона нон грата деп жария етті, деп жазады Синьхуа.

Словения
Фото: pixabay.com

Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл екі ультраоңшыл министр өздерінің «геноцидтік» мәлімдемелері арқылы зорлық-зомбылық пен палестиналықтардың құқықтарын өрескел бұзуға итермелеп жатыр.

Словенияның сыртқы істер министрі Таня Файонның айтуынша, ел осы қадамға барған Еуропалық Одақтағы алғашқы мемлекет болып отыр.

Бұл шешім 2024 жылғы 15 шілдеде Брюссельде өткен Еуропалық Одақ сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Израильге қарсы бірлескен шаралар бойынша келісімге келе алмағаннан кейін қабылданды.

Айта кетейік, Словения 2024 жылдың маусымында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындаған. Содан бері Любляна Израильдің Газа секторындағы әскери операцияларын ашық сынап, Израильден шабуылды тоқтатып, аймаққа гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне жол беруді талап етіп келеді.

Бұған дейін елге ресми сапармен келген Словения Президенті Димаштың жанкүйері екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар