Словения Венгрия және Хорватиямен шекараға бақылау қойды

Словения мемлекеті Венгрия және Хорватиямен шектесетін аумағына күзет қойды. Шектеу он күнге созылады. Kazinform бұл туралы Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Словения Венгрия және Хорватиямен шекараға бақылау қойды
Фото: pixabay.com

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып жатқанына алаңдаған Словения билігі Хорватия және Венгриямен шекараға бақылау енгізді. Оның ресми себебі – «лаңкестік әрекет және ұйымдасқан қылмыспен күрес».

Шектеу 31 қазанға дейін жалғасады. Бұған дейін Италия мен Аустрия Словениямен шекараға бақылауды күшейткен болатын.

«Аталған өткізу пункттеріндегі шекара бақылауы белгілі бір мақсатпен қойылды. Ол қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін, лаңкестік әрекет жасауы мүмкін немесе Словения Республикасы үшін қауіпті адамдарды анықтауға бағытталған», - деп мәлімдеді словениялық полиция өкілі Вильем Тошкан.

Бақылау күшейгендіктен Словенияға кірер тұста көліктер жиналып қалған, онда адамдар 1 сағаттан аса кептелісте тұр. Бірақ полиция барлық көлікті тексермейтіндіктен бұл жағдай ұзаққа созылмайды деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар