СІМ Израиль мен Иран туралы: Қазақстандықтарға бар, барма деп айта алмаймыз

Израиль
Фото: MFA RK

АСТАНА. KAZINFORM - Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иран мемлекеттерінде жүрген қазақстандықтардың қауіпсіздігі туралы пікір білдірді.

«Жағдай оңай емес. Бұл бір түнде болған жағдай емес. Оның алдында бұл алдын ала айтылды, ескертілді. Егер біздің азаматтар сол өңірде жүрсе, өз қауіпсіздігін ойлауы керек», - деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, қос елдегі елшіліктер 24 сағат бойы жұмыс істеп тұр.

«Елшіліктердің телефон нөмірлері интернетте көрсетілген. Азаматтар сол нөмірлер бойынша хабарласа алады. Қазіргі таңда Иранда да, Израильде де барлық әуежай мен шекара ашық. Жұмыс істеп жатыр. Сондықтан (қазақстандықтарға) ол жаққа барыңдар-бармаңдар деген кеңес бер алмайсыз. Әр адам шешімді өзі қабылдауы керек. Мысалы, кешеден бері адамдар «Мысырға путевка алып қойдық. Ол жаққа барып, демалсақ бола ма?» деп сұрақ қойып жатыр. Біз кепілдік бере алмаймыз. Ертең не болатынын ешкім білмейді. Бірақ біздің азаматтар Иранда, Израиль де бар. Жағдай қатты күрделеніп жатса, мемлекет бәріне көмектеседі. Әзірше, бәрі дұрыс», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар