Американдық компания ЖИ-ді енгізу арқылы 6 мың қызметкерін жұмыстан қасқартады
АСТАНА. KAZINFORM — Американдық HP компаниясы жасанды интеллектіге инвестиция салуды жалғастыра отырып, өз қызметкерлерінің 10%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Agenzia Nova агенттігі жазды.
Компьютер өндіруші компания 2028 жылдың соңына қарай 6000 қызметкерді жұмыстан босатады.
Бас директор Энрике Лорестің айтуынша, қайта құрылымдау өнім мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді жеделдету және тұтынушыларға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асады. Сондай-ақ компанияға жасанды интеллектіні енгізу кейбір ішкі процестерді автоматтандыру үшін қажет деп түсіндірді.
— Бұл өзгеріс компанияны жаңарту және алдағы 10-20 жыл ішінде бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін бірегей мүмкіндік деп білеміз, — деді Лорес.
Компанияны қайта құрылымдау үшін шығын шамамен 650 миллион доллар болады. Бұл шаралар жүзеге асатын болса, компания жыл сайын кем дегенде бір миллиард доллар үнемдейді.
Бұған дейін жасанды интеллект 3,3 миллиард жыл бұрынғы тіршілік іздерін анықтауға көмектесетіні туралы жаздық.