СІМ Словакияда Қазақстанның төрт азаматы ұсталғанын растады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігі Словакияда Қазақстанның төрт азаматы ұсталғанын растады.

СІМ Словакияда Қазақстанның төрт азаматы ұсталғанын растады
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Ведомство Kazinform сауалына берген жауабында аталған жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

— Ұсталған азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың туыстарымен байланыс орнатылды. Бұл жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында, — делінген ресми жауапта.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі шетелде қиындыққа тап болған қазақстандықтардың көбейгенін хабарлап, азаматтарды сапар алдында баратын елдің заңнамасы мен көші-қон талаптарын мұқият зерделеуге шақырған еді.