17:35, 12 Тамыз 2019 | GMT +5
Смағұл Елубай Президентке Абайдың 175 жылдығы аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне хабарлады.

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.