SNN: Ирандағы зауытта жойқын жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның Шираз қаласында сұйытылған газ құю зауытында жарылыс болды. Бұл туралы SNN телеарнасы хабарлады.

SNN: Ирандағы зауытта жойқын жарылыс болды
Фото: ТАСС

Телеарна мәліметіне сүйенсек, кәсіпорында шыққан өрт салдарынан газ баллондары да жарылған. Алайда тілсіз жауды көп ұзамай өрт сөндірушілер оқшаулаған.

Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шеккені хабарланды. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілген.

Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Айта кетейік, Мысырдағы Ніл өзенінде 200 турист мінген кеме өртенгенін жазғанбыз. 

Ал Түркияда қонақ үйдегі өрт ісі бойынша 11 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар