«Сочи-2014»: Паралимпиаданың жабылу салтанатын 2 млрд. астам көрермен тамашалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі 2014 жылғы Ойындарды Ұйымдастыру комитеті Паралимпиада ойындарының жабылу салтанатын 2 млрд. астам көрермен тамашалайды деген үміттерін білдірді, деп жазады ИТАР-ТАСС.
None
None

Бұл туралы jcs Ойындарды Ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко мәлім еткен.

«Біз бұл ойындардың жабылу салтанатын 2 млрд. көрермен тамашалайды деген үміттеміз, әрі бұл рекордтық көрсеткіш болмақ», - дейді ол. Д.Чернышенконың айтуынша, бұл Паралимпиада кезінде көптеген рекордтық көрсеткіштере қол жеткізілген. Мәселен, ойын кезінде 325 мыңнан астам билет сатылған, ол алдыңғы барлық ойындар кезінде түскен пайдадан 2 есеге асып кеткен.

«Паралимпиада ойындарына 45 ұлттық команда қатысып, 5 спорт түрі бойынша 72 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 2,4 мыңнан астам БАҚ пен телехабар тарату компаниялары Ойын барысын көпшілікке жеткізіп тұрды, ол әлемнің 76 елінде көрсетілді», - дейді Ұйымдастыру комитетінің басшысы.

Оның айтуынша, Сочиде паралимпиадашылар үшін барлық жағдай жасалды: олар үшін қолайлы спорт нысандары мен оңтайлы тұрмыстық жағдайлар қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар