Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.
None
None

«Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді.

Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.

Бүгін астана уақытымен 5:26-да «Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі ХҒС-дан ажырап Жерге қарай қозғалды. Орбитадағы жұмысты Ресей ғарышкерлері О.Котов, С.Рязанский мен Михаил Тюрин, американдық астронавттар Майкл Хопкинс пен Ричард Мастраккио мен жапондық астронавт Коичи Ваката жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар