Сочи жағалауында демалушылар эвакуацияланды
АЛТАЙ. KAZINFORM – Краснодар аймағына Украинаның әскери күштері жасаған шабуылы аясында, Сочиде алдын алу шарасы ретінде жағалауда демалушыларды эвакуациялай бастады, деп жазды Азертадж.

Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Сочи мэрі Андрей Прошунин өзінің Telegram арнасына бүгін жазған.
— Бүгінгі шабуылдарға байланысты (…) Краснодар аймағына қарасты Қара теңіз акваториясында ұшқышсыз қайықтармен жасалған шабуылдарға орай, Сочи қалалық жедел штабы алдын алу шарасы ретінде демалушыларды пляждардан эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта курорт аумағындағы жағдай штаттық деп бағаланып отыр, — деп жазды Прошунин.
Сәрсенбі күні Новороссийск қаласын ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуылға жасады. Соңғы мәліметтер бойынша, қираған дрондардың бөлшегі құлауына байланысты жеті үй, оның ішінде бір қонақ үй зақымданған. Сонымен қатар, 20 көлік бүлінген, оның үшеуі толығымен жанып кеткен.
Жаңадан алынған мәліметтер бойынша екі адам қаза тауып, жеті адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бала жарақат алған.
Қала басшысы Андрей Кравченко төтенше жағдай жариялап, Технико-экономикалық лицей базасында уақытша орналастыру пунктін ашу туралы хабарлады.
Сонымен қатар, Геленджик қаласында ұшқышсыз қайықтармен шабуыл қаупі туралы ескерту жарияланды. Мұнда барлық жүзу құралдарының теңізге шығуы тоқтатылып, тұрғындарға пляждар мен жағалаудан кету ұсынылды. Туапсин муниципалдық ауданында да ұшқышсыз қайықтармен шабуыл қаупі жарияланған.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Ресей мен Украина келіссөздеріне қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді.