07:45, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарына алғашқы болжам жасалды
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Голландиялық Infostrada басылымы 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындары қарсаңында әр елдің мүмкіндігін саралап, «неше жүлде алуы мүмкін» деген болжам жасап отырмақ.

Басылым жақында өздерінің алғашқы тұжырымдарын жариялап, «Қазақстан Сочи олимпиадасында бір қола алуы мүмкін» деген болжамдарын білдірді, деп хабарлайды «Аламан».
Әрине, Қазақстан сапынан медальға бірден бір үміткер, ол шаңғышы - Алексей Полторанин. Голланд басылымы Қазақстан бір қола алу арқылы жалпы есепте 26 орын алады деп отыр.
Infostrada жалпы есептегі бірінші орынға Норвегия мен Канада таласады дейді. Қытай мен Корея да алғашқы ондыққа енуі мүмкін.
Жекелей спортшылардан Тура Бергер (4 алтын, Мартан Фуркад (4 алтын), Тина Мазе (3 алтын), Мартина Сабликова, Дарио Колонья, Аксель Лунд Свиндаль және Тед Лигети (әрқайсы екі алтыннан) сынды спортшылар медальға негізгі үміткерлер.