Софияда ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша баспасөз брифингі өтті
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы дипломатиялық миссияның баспасөз қызметі мәлім етті.
Болгария журналистер одағының көмегімен ұйымдастырылған іс-шараға Болгариядағы алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, оларға Жолдаудың болгар тіліндегі нұсқасы ұсынылды.
Қазақстан істері бойынша сенімді өкіл Теміртай Ізбастин Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі аспектілері, сонымен қатар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында алға қойған міндеттер мен мақсаттар туралы айтып өтті.
Жиналған қауымның назары 2011 жылдағы ең маңызды оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына аударылды.
Болгар журналистері Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұнына жоғары баға берді. Президент Н.Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі де олардың назарынан тыс қалмады.