Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Софья Берульцева
Фото: ҚР ҰОК

Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды. ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.

Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі. Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.

Бұған дейін Премьер-лигаға жолдама алған «Алтай Өскемен» футбол клубын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар