Софья Берульцева Түркиядағы турнирде қола жүлдені жеңіп алды

Осиё ўйинлари: Каратэчи Софья Берульцева Қозоғистон ҳисобига ўнинчи олтин медални қўшиб қўйди
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Софья Берульцева Анталья қаласында халықаралық Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирінің қола жүлдегері атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Токио олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. 

Софья алғашқы айналымда 4:3 есебімен бельгиялық Мулоло Офелияны, одан кейін Титта Кейнаненді (Финляндия) тізе бүктірді.

Ширек финалда португалиялық Рита Оливейраны ұтты. Тек жартылай финалда германиялық Книр Йоханнаға есе жіберді. Қола үшін шайқаста С.Берульцева Англия спортшысы Софья Рошель Уолтерстен басым түсті. Есеп: 8:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Түркиядағы турнирде Мөлдір Жаңбырбайдың чемпион атанғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар