Софья Самоделкина әлем чемпионатында екінші мәрте өнер көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – Мәнерлеп сырғанаудан Чехия астанасы Прагада әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды.
Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, 187.53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.
Софья 2025 жылы Бостондағы жаһандық додада дебют жасап, 14-орын алған болатын.
Ал чемпиондық атақ өзінің спорттық мансабында соңғы мәрте мұз айдынында сырғанаған Каори Сакамотоға бұйырып, 4 дүркін әлем чемпионы атанды.
Жүлдегерлер:
1-орын. Каори Сакамото (Жапония) — 238.28 ұпай
2-орын. Монэ Чиба (Жапония) — 228.47 ұпай
3-орын. Нина Пиндзарроне (Бельгия) — 215.20 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина — 187.53 ұпай
Айта кетейік, әлем чемпионатының тарихында әйелдер арасында 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет төрттік сальхов секірісін орындап, күміс жүлдені жеңіп алған болатын.
Айта кетелік Диас Жиренбаев әлем чемпионатында дебют жасағаны туралы жазған едік.