Софья Самоделкина Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды. 

Софья Самоделкина Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Самоделкина 173,25 ұпай жинаған.

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін фристайл-могулдан қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар