14:13, 09 Мамыр 2010 | GMT +5
Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион теңге рубль жинап берген
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам өз ұл-қыздарын жөнелткен.

Ал республиканың өзінде танктер мен ұшақтар жасауға ақша жинау қозғалысы басталған. 1941 жылдың күзінде ВЛКСМ атындағы танк колоннасын жасауға ақша жинау басталған. Нәтижесінде, 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдықтардан 45 жаңа танк алған.
1942-1943 жылдары халық жинаған қаражатқа тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедалық катерлер және атаулы ұшақтар жасалған. Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға барлығы 480,3 миллион рубль жинап берген.