08:05, 06 Мамыр 2022 | GMT +5
                                        Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді
                                            НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.
| Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) | – | 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені | 
| Несмиянов Александр Александрович (марқұм) | – | 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі | 
| Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) | – | 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы. |