15:20, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Соколов-Сарыбай кен байыту кешенінде салық жүктемесінің төмендеуін күтуде
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – «Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының басшылары, темір рудасына деген сұраныстың құлдырауына қарамастан, кәсіпорынның қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айтып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпорында қолға алынып отырған дағдарысқа қарсы бағдарламаға сәйкес, өндіріс көлемі артуда, жұмысшылар штатын қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Жылу-электр орталығының алтыншы блогы, сондай-ақ құйма-қақтама цехы салынуда. Кәсіпорынның өндірістік алаңдарында болған Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, жаңа цех пен энергетикалық блок алдағы айларда пайдалануға берілетініне үміт білдіріп, жаңа өндірістердің іске қосылуы арқасында қалада 500-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болатынын айтып өтті. Дегенмен, кәсіпорын әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қолданыстағы салық ставкаларына алаңдаушылық білдіріп отыр, олардың айтуынша, қазіргі салық ставкаларының себебінен өнеркәсіптік өнімдер бәсекеге қабілеттілігінен айрылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын президенті Мұхамеджан Турдахуновтың айтуынша, бұл жерде пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық ставкасы туралы сөз болып отыр. Кәсіпорын басшысы ресейлік және қытайлық бірлестіктер біздегіден ыңғайлырақ кен-геологиялық жағдайында жұмыс істейтіндіктен, олар о бастан оңтайлырақ күйде, ал біздің кешен өндіретін өнімнің өзіндік құны 15-20 пайызға артып отыр, дейді. М. Турдахунов Қостанай облысының әкіміне пайдалы қазбалар өндірісі салығына нөлдік ставка бекіту, ал келісімшартты қызмет бойынша салық ставкаларын бастапқы өнім бойынша, яғни темір руда концентраты бойынша анықтау туралы ұсыныспен Үкіметке шығуды өтінді.