13:40, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
Соқтығысудан қашқан дельфиннің әрекеті жайлы видео желіні пайдаланушыларды таңғалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 News Gold Coast фейсбук-арнасына Австралия жағалауындағы дельфиннің серферге кедергі келтіргені туралы сюжет жарияланды.

Жағалауда түсірілген кадрларға қарап, серфердің тақтайға тұра берген кезінде дельфиннің аяқ астынан шыға келгенін көруге болады. Егер мұқият зер салсаңыз, дельфиннің соңғы уақытта адаммен соқтығысудан қашуға тырысқанын көрер едіңіз.
Серфер мұндай ерекше соқтығыстан зардап шеккен жоқ, керісінше қызық оқиғаға тап болғанына масаттанып қалды.
Видео "Адам мен дельфиннің толқынға таласуы» тақырыбымен жарияланды. Көптеген желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады. Олардың бірі: «Видеоны қайта-қайта көріп, табиғатымызда әсем тіршілік иелері барын ойлап, ерекше күйде отырмын. Ер адам да, дельфин де өздерін лайықты ұстады. Екеуі де сондай шебер және мейірімді!», - деген пікірін жазды.