«СолҚазЭнерго» АҚ-ында модернизациялау және техникалық жарақтандыру бойынша бағдарлама табысты жүзеге асырылуда

ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының «СолҚазЭнерго» акционерлік қоғамында энергокешенді модернизациялау және техникалық жарақтандыру бойынша инвестициялық бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда.
None
None

Мәселен, осы акционерлік қоғамға кіретін Петропавл ЖЭО-2 2009 жылдан бері ҚР Үкіметінің қаулысына сай жыл сайын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келісім жасайды, осы арқылы тарифтерді келісу кезінде бірсыдырғы инвестициялық міндеттемелерді мойнына алады.

«ПЖЭО-2» ЖШС-інде бірінші келісімге салынған инвестиция ауқымы шамамен 380 миллион теңгені құрады. Дер кезінде модернизациялау 2010 жылы оның электрэнергиясын да, жылу энергиясын таратуда да қуатын арттыра түсті, жылу желілері мен құрал-жабдықтарды модернизациялауға салынған кіріс инвестициялардың ауқымы 450 миллион теңгеге дейін артты. 2011 жылы келісімді бірнеше жылға жасау туралы шешім қабылданды.

«ПЖЭО-2» ЖШС директоры Виктор Барминнің айтуынша, үкіметтің қаулысы Петропавл қаласының ЖЭО-2 энергияөндіру кәсіпорындарына негізгі қорларды жаңарту мен ұстап тұруға көп септігін тигізіп отыр. «Біз 2015 жылға дейін біздің негізгі жабдықтарымызды 50 пайызға дейін жаңартуды ойластырып отырмыз», - деп қорытты ол.

Соңғы жаңалықтар