Солтүстік Бозашы кен орнында ілеспе мұнай газын пайдаға жарату бойынша кешен пайдалануға берілді

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Бозашы кен орнында ілеспе мұнай газын пайдаға жарату бойынша кешен пайдалануға берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кен орнын игерудің операторы - «Бозашы Оперейтинг Лтд «ЛУКОЙЛ Оверсиз», CNPC (Қытай) және Mittal Investment (Үндістан) біріккен кәсіпорындары.

2008 жылы Солтүстік Бозашыда орташа тәуліктік игеру 4,7 мың тонна мұнайды және 4,7 мың тонна текше метр ілеспе газды құрады (ЛУКОЙЛ-дың үлесі - 1,2 мың тонна мұнай және 15 мың текше метр ілеспе газ).

Кешенді жобалауды және салуды мамандандырылған қазақстандық ұйымдар жүзеге асырды. Кешенге мұнай беруде кен қысымын ұстап тұру және арттыру мақсатында өнімділік жынысында шайқап алынатын дымқыл газды жағуға және мұнай мен суды жылытуға арналған тиімділігі жоғары шыны талшығынан және пешінен газ жинау желілерін қоса алғанда, бірнеше күрделі технологиялық нысандар енеді. Құрылыстың және қосу-жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 18 айды, жобаның жалпы құны - 14 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар