Солтүстік Қазақстан әкімдігіне автожолдар құрылысына бақылауды күшейту ұсынылды

Атап айтқанда, министр өңірдегі республикалық автомобиль жолдары торабын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Осылай қазіргі уақытта Солтүтік Қазақстан облысында «Астана - Петропавл - РФ шекарасы» көлік дәлізін қайта жөндеу шеңберінде 81 км жолында жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылда солардың 26 км жолы ашылса, 2015 жылы қалған учаскелері пайдалануға беріледі.
«Көкшетау-Петропавл аралығындағы 62 километрлік жол үш учаскеге бөлінетін болады. Ол жұмыстар келесі жылы басталады»,- деп атап өтті Жұмағалиев.
Кеңесте жергілікті автомобиль жолдары торабының дамуына аса көңіл бөлінді. ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтқандай жергілікті бюджеттен қаржыландыруды үлкейткенге қарамастан жол торабының жартысы қанағатсыз күйіде бағаланып отыр. Сол себептен Асқар Жұмағалиев облыс әкімдігіне жергілікті торапты дамытуға бағытталған қосымша қаржы бөлуді көздеп, атқарылып жатқан жұмыстар сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды.
Амангелді Бековтың сөзіне қарағанда, республикалық бюджеттен қосымша мақсатты трансферт ретінде бөлінген ақшаға салынған жергілікті жолдардың осы жылғы тексерісі нәтижесінде комиссиямен 24 бұзушылық белгіленді. Атап айтқанда, объектілерде су жүргізетін құбырлар үстінде шөгу, түзулік, жабынды еңісі, жол жиегі және құлама талаптарынан ауытқушылықтар табылған. Ақаулықтар мен атқарылған жұмыстар сапасы бұзушылықтарынан басқа сапа бақылауын ұйымдастыруда кемшіліктер белгіленген, яғни мердігер инженерді қажет зертханамен жабдықтамаған.
Асқар Жұмағалиев «объектіде зертхананың болуы сапасыз материалдарды дер кезде анықтау мүмкіндігін береді, осылай оны құрылыста қолдануды болдырмайды» деп белгіледі. Сонымен бірге, ол автожол саласындағы реформа жайында айтты. Соның ішінде инженерлер қызметін күшейту және мердігер мен инженер арасындағы жауапкершілікті бөлу. Егер шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жайда екеуін де, Көлік және коммуникация министрлігінің тәжірибесі бойынша, «қара тізімге» қосуды ұсынды.
Кеңесте жол құрылысы және жөндеу жұмыстарында ілгерінді технологияларды енгізу және жергілікті материалдарды қолдану сұрақтарына көңіл болінді. «Қазақавтожол» АҚ Басқарма төрағасы Эрик Сұлтанов жергілікті жолдарды жөндеу үшін салқын ресайклдеу әдісін қолдануға болатынын айтты. Осы технология жол төсемесі материалын, оған оқшау материалдар мен тұтқыр компоненттер қосу арқылы қайта қолдануға мүмкіндік береді. Осылай, сапаға зиян келтірінбей ақ, жөндеу құны үш есе арзандаттырылады.