Солтүстік Қазақстан облысы әлемнің 70-ке жуық елдерімен ынтымақтастық орнатты

ПЕТРОПАВЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында аймақтың экономикасына шетелдік инвестициялардың тартылуына баса назар аударылып отыр.
None
None

Қазіргі уақытта бұл өңір әлемнің 70-ке жуық елдерімен ынтымақтастық орнатты.

Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістер облысқа Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарымен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және дамытуға септігін тигізетін үлкен мүмкіндіктер ашуда.

СҚО-ның сыртқы сауда айналымының жартысы Ресеймен арада болу фактісі мұны растайды.

Осыған байланысты аймаққа шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі үлкен мәнге ие болуда. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы Канада, Германия, Қытай, Ресей, Израиль және тағы басқа көптеген елдермен іскерлік байланыстарды жолға қойды.

Ресейлік серіктестермен көптеген кездесулер өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Омбы қаласына барды. Омбы үкіметі мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында 2013-2015 жылдарға арналған келісушілікті іске асыру шаралары жоспарына қол қойылды. Оның бір пункті шекара маңы ынтымақтастығында логистикалық орталық ашу. Бұл тауарлық белгілерді оңтайландыруға, олардың тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар