12:40, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысына поляк делегациясы келді
ТРОПАВЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысына Польша Республикасының делегациясы келді. Үш күндік сапар аясында, қонақтар мал шаруашылығы кешенін, ет өңдеу өндірісі кәсіпорындарын аралап, Петропавл қаласының әлеуметтік-мәдени нысандарын аралайды.

Облыстық әкімдікте бизнес-форум басталды, оның барысында өнеркәсіптердің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрме-таныстырылымы өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысына келген Польша делегациясы жұмыс сапарының жоспарында күннің бірінші жартысында шикізат етін өңдеумен айналысатын «Фрегат» ЖШС аралау, сонымен қатар, ет өнімдерін өндірумен айналысатын «Қазетөнім» ЖШС-да және «СБИ-Агро» ЖШС-да, сондай-ақ «Тайга» және «Айсберг» сауда үйінде болу көзделген.