Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланған Әсем Рахметова ант берді
Жоғары палатаның жалпы отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенатор атанған Әсем Рахметованы жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Кейін жаңадан сайланған депутат ҚР Конституциясына сай, ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Коституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деп ант берді Әсем Рахметова.
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Әсем Рахметоваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстаған болатын.
Еске салайық, Әсем Рахметова СҚО-дан сенатор болып сайланып, кенеттен көз жұмған Гүлмира Кәрімованың мандатын иеленді.