10:47, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында 3 жасар сәби ысты газға уланып мерт болды
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Мерген ауылында 11.30-да тұрғын үйден өрт шықты.

Жалын 12.15-те ауыздықталып, 12.30-да толығымен сөндірілді. Алаумен күреске ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт салдарынан ысты газға уланған 3 жасар сәби ауруханаға жеткізілген соң жан тапсырды.