Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау науқаны аяқталды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық шаруалар астық жинау науқанын аяқтады. 3,2 млн. гектар егіс танабынан 5 млн. 425 мың тонна астық бастырылды.
None
None

Бұл ретте орташа өнімділік бір гектардан 16,9 центнерді құраған, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

«Мемлекеттің қуатты қолдауының арқасында жақсы өнім алу мүмкін болды. Жеңілдік қаражат уақтылы бөлінді, арзандатылған дизельдік отын, жеңілдік несиелер алынып, техника жаңартылды. Орташа өнімділік гектарына 20 центнерді құраған аудандар да бар. Оларға Жамбыл, Айыртау, Қызылжар және Есіл аудандарын жатқызуға болады», - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Ағымдағы жылы жеңілдік қаражаттың сомасы 17 млрд. теңгені құрағанын атап өту керек.

Қазіргі кезде жаңа өнімнің астығы нан қабылдау орындарына түсіп жатыр. СҚО-да жалпы көлемі 3,4 млн. тоннаны құрайтын астықты қабылдау және сақтау үшін 54 лицензияланған элеватор жұмыс істеуде. Облыс агроқұрылымдарының тағы 3,1 млн. тонна астықты сақтауға арналған қоймалары бар. Бүгінде 1 млн. 200 мың тонна астық қамбаға құйылды.

2016 жылға арналған тұқым қоры толық қамтылды.

Биылғы жылғы астық жинау науқанында 4000-ға жуық шаруа, фермерлік қожалықтар мен ЖШС-тері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар