Солтүстік Қазақстан облысында бөлшек сауда көлемі бірінші тоқсанда 13,6 пайызға артып, 16,4 млрд. теңгеге жетті

ПЕТРОПАВЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына сауда қызметі айтарлықтай үлес қосуда.
None
None

Аймақта 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы бөлшек сауданың көлемі өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 13,6 пайызға артып, 16,4 миллиард теңгені құрады.

 Облыстық статистика басқармасының ақпаратынша, сауданы дамыту - экономиканың табысты қызмет атқару жағдайларының бірі. Сала үшін СҚО аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінде шамамен 13-15 пайыз болады.

Бөлшек сауда құрылымында тағамдық емес тауарлар басым болып отыр. Олар 10,9 млрд.теңгеге сатылған, бұл жалпы көлемнің 66,8 пайызын құрайды. Бұл ретте өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  бөлшек сауда желісі арқылы тағамдық тауарлар 2,5 пайызға, азық-түлік тауарлары - 38,6 пайызға көп сатылды.

Көлемнің үштен екі бөлігі сауда кәсіпорындарының желісі арқылы сатылды - 10,9 млрд. теңге (өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім бар), үштен бір бөлігі (5,4 млрд. теңге) базарлар мен жеке кәсіпкерлердің еншісінде, бұл ретте өсім 17,8 пайызды құрайды.

Бөлшек саудамен айналысатын 101 кәсіпорынның 32-сінде 50-ден астам адам жұмыс істейді, қалғандары - шағын кәсіпорындар. Облыста ірі бөлшек кәсіпорындары жоқ.

Соңғы жаңалықтар