Солтүстік Қазақстан облысында егін науқанына техниканың дайындығы 97 пайызды құрайды

ПЕТРОПАВЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Егін науқанын тиімді өткізуде аграрлық секторды техникамен қамтамасыз ету маңызды орын алады.
None
None

 Тек соңғы 3 жылда Солтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдарымен 38 млрд.-тан астам қаражатқа қосымша 3000-ға жуық қазіргі заманғы ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.

 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні өңір агроқұрылымдарымен 1,2 млрд. теңгеге 121 техника, оның ішінде 62,0  млн.-нан астамы лизинг бойынша  сатып алынды.

Жөндеу жұмыстарының маусымынан бастап егін егу және жер өңдейтін көліктердің, трактор паркінің басым бөлігі әзірленді, яғни дайындық 97 пайызды құрайды.

Алдын ала болжам бойынша, егін егу науқанына дейін облысқа қосымша 20-дан астам жоғары өнімді  техника кешені әкелінеді, ағымдағы жылы егін егу іс-шарасына 2,8 млн. гектарға жуық немесе 71 пайыз егіс алқабын қамтитын 920-дан астам техника тартылмақ.

Соңғы жаңалықтар