Солтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына кірген 18 жоба іске қосылды

ТРОПАВЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында жалпы сомадағы 30 миллион теңгеге Индустрияландыру картасына 24 инвестициялық жоба кірген. Бүгінде соның 18-і іске қосылып отыр.
None
None

Олардың қатарында 2010 жылы Елбасының қатысуымен болған жалпыхалықтық телкөпір барысында іске қосылған "ЗИКСТО" АҚ-ның бидай тасымалдайтын вагон-хоппер бар. Аталмыш мекеме жүк тасығыш құрамының жөндеу жұмыстарынан бастап вагонға дейін шығарады.

Қазақстанның бірінші вагоны 2008 жылы шығарылған еді. Осы жылдың 9 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір байланысында Есіл ауданында "Егін" ЖШС-нің диірмен-макарон кешені іске қосылды. Бұл өндіріс орны өз алдына дайын солтүстікқазақстандық ұнды шығарады.

Сондай-ақ бағдарлама аясында жаңа өндіріс орындары ашылуда. Мәселен, «Тиолайн» ЖШС титан-цирконий кен орнын игеру жобасы, жоғары сапалы тастарды өндіретін «Шүнгіт» ЖШС және кварц құмын байытумен айналысатын «Ақтөбе Гласс» ЖШС іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар