Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы жеті түрлі құрылыс материалын шығару жолға қойылды - телекөпір

АНА. Шілденің  3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада өткен «Жаңа индустрияландыру - баршаға ортақ  жаңа мүмкіндік» атты телекөпір барысында Солтүстік Қазақстан облысы  жаңа құрылыс материалдарын өндіруді жолға қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавл құрылыс материалдары зауытында  қазіргі заманғы жеті түрлі құрылыс материалын шығару жолға қойылды. Олардың қатарында жылдам құрастырылатын ғимараттар мен тұрғын үйлерге арналған құрылымдық жылу өткізбейтін қабырғалық тақтайлар секілді иновациялық өнімдер бар», - деп баяндады облыс әкімі Серік Біләлов.  Аймақ басшысының  айтуынша, оларды түрлі деңгейдегі коттедж, сондай-ақ  мансардтық қабат көтеру кезінде құрылысқа пайдалануға болады.  «Өнім өте мықты,  оның бойында жылу сақтағыштық қасиет бар. Бұл аталған сапалардың барлығы да  тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасын арзандатуға ықпал етеді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысының мәліметі бойынша, СҚО-да  жалпы сомасы 18 млрд. теңгеге бағаланған 6 инновациялық жоба  жүзеге асырылып жатыр.  Жаңа өндірістерді қатарға қосу  1 400 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.  Құны 7,2 млрд. теңге болатын үлкен жоба қуаты жылына 20 млн. тонна өнім беретін бройлер құс өндірісін іске қосуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар