Солтүстік Қазақстан облысында қой ұрлады деген күдікпен ауыл азаматтары ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімінің полицейлері бірнеше рет қой ұрлады деген күдікпен  ауылдық екі азаматты қолға түсірді,
None
None

деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ІІБ-не Ефимовка және Нежинка ауылдарының тұрғындарынан бірнеше өтініш келіп түсті. Тұрғындар қораларындағы қойлардың жоғалып кететініне шағымданды. Полиция қызметкерлері екі ауылдың да аулаларын мұқият тексерді, барлық тұрғындар сұралды. 

Нәтижесінде полицейлерге Ефимовка ауылының 1992 жылы дүниеге келген бұрын сотталған тұрғындарының біріне күн сайын «БМВ» көлігімен бір жас азаматтың келіп жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Шамаланғандай, ол Новоишимское аудан орталығының тұрғыны болды. Қонақ жігіттің Ефимовкаға тек қараңғы кеште келіп жүргені байқалды.

Жедел-іздеу шараларының барысында «БМВ» көлігінің иесі шынымен де Новоишимское ауылының 1991 жылғы бұрын сотталмаған азаматы екені анықталды. Көлігін тексеру барысында жүк салғыштың ішінен аяқтары байланған қой табылды.

Сұрау барысында күдіктілер ұрлықтарды түнгі 1-ден 3-ке дейін бірігіп жасағандарын мойындады. Көлікті ауылдың шетіне қойған соң, біреуі ауылдықтардың жазғы қораларына кіріп, қойлардың аяқтарын байлап, оны көлікке апарған. Келесі күннің таңында оларды Көкшетау қаласына апарып сатқан.

Қазіргі уақытта бұл жұптың Ефимовка және Нежинка ауылдарынан қой ұрлаудың төрт фактісіне қатыстылығы анықталды.

Күдіктінің екеуі де АІІБ-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар