Солтүстік Қазақстан облысында селолық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп берулері басталды

Бірінші есеп беру кездесуі қаңтардың 10-ы күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское кентінде облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен өтті.
Серік Бәлілов өз сөзінде аудан және селолық округ әкімдерінің алдына бірқатар міндеттер қойды. Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған аймақ басшысы, әкімдерге аудандық коммуналдық шаруашылықтардың жұмыстарын жақсарту, салықтардың жиналуын қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және жарықтандыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, егістік алқаптар аумағын кеңейту, білікті кадрларды жұмыспен қамту, оралмандарды жайғастыру міндеттерін жүктеді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, «еліміздің және оның азаматтарының барлық проблемаларын бірлесіп шешетін кездің келгенін» ерекше атап көрсеткен болатын. «Дағдарыс мәңгілік емес және ол еңсерілгеннен кейін жағдайдың жақсаратыны анық», деді Мемлекет басшысы. Елбасының осынау міндеттерін шешу жергілікті атқарушы органдардың жұмысына берілген үздік баға болады. бұл міндеттерді орындауға сіздердің шамаларыңыз жетеді деп санаймын», деп атап көрсетті Серік Біләлов өз сөзінде.