Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандардың тұтқында ұсталу жағдайларына талдау жүргізілуде

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБМ) төрағасы Евгений Голендулин мен түзету мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі арнайы прокуратураның өкілі Руслан Мәмбетов ЕС-164/4 ерекше режимдегі колония мен ЕС-164/8 туберкулез ауруына қарсы мекемесіне барып қайтты.
Аталмыш топтың құрамына кірген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК басқармасы бастығының орынбасары Владимир Токиннің айтуынша, аталмыш шара сотталғандардың тұтқында ұсталу жағдайларына талдау жүргізуге бағытталған. Сапар барысында, ҚБМ төрағасы мен прокурор арнайы контингент өкілдерімен кездесіп, жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізіп, 50-ден астам сотталғанға құқықтық және кеңестік көмектер көрсетті.
Кездесу соңында ҚБМ төрағасы сотталғандар арасында «Бостандығынан айыру орындарында туберкулезбен ауыратындарға арналған кеңестер» деген кітапшаларды таратты.